Выберите язык:
Мы в соцсетях:
brand
Войти

Студенттер 5q.kz платформасында қандай білім алды?

2022 жылдың маусым айында 5q.kz онлайн-платформасы актуал дағдылар мен кәсіптерді меңгергісі келетіндерге 1000 тегін білім грантын бөлді. Бір айдан кейін 6 мамандық бойынша ақылы курстарды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік туды. Біз әр бағыт бойынша білім алған студенттердің пікірін білдік.

«Backend-программалау: Java»

Курс сайттар мен қолданбалардыәзірлеуге арналған бағдарламалауға бағытталған.Оқыту бағдарламасы Java тіліндегі серверлерді әзірлеу негіздерін, микросервистерді құру және құралдарды пайдалануды қамтиды.

Дәулет Алтынов 23 жаста, Алматы

Дәулет университетте бағдарламашы мамандығы бойынша білім алып, backend-әзірлеуші ​​болып жұмыс істейді. 

«Курсқа жаңа білім алу үшін қатыстым. Қызық технологиялар мен кітапханалар туралы білдім. Маған тәлімгер материалының жеңіл және түсінікті баяндалғаны ұнады. Бір аптаға жуық кешкі уақытта оқыдым, жаңа білімді ұмытпау үшін оны бірден жұмысымда қолдана бастадым.

IT-кардиналдар: неліктен барлығына backend-әзірлеушілер қажет

«Жаңадан бастаушыларға арналған QA» 

Курс тесттерді құрастыруды, қателер, олар туралы есептерді жазуды және ІТ-өнімдерін тестілеудің басқа да негізгі дағдыларын үйретеді. Курс бағдарламалау бойынша негізгі білімі бар немесе жаңа салаға ауысқысы келетіндерге ұсынылады. 

Дәулет Бегенов 37 жаста, Алматы

Дәулет инвестиция саласында банкте жұмыс істейді. 2022 жылдың басында IT саласына көшуді ойға алған.

«Жаңа салаға жеңіленіп кетуүшін IT бағытын таңдауыма айти-маман досым көмектесті. Тәжірибем болмағандықтан, тестілеуші ​​болып бастағаным дұрыс болды. Біраз видеолардыкөргеннен кейін кейбір тұсы жұмысыма ұқсас екенін түсіндім. Үйрену оңай болды. Курсты аяқтадым, бірақ QA-дыүйренуді жалғастырамын».

IT саласындағы QA-инженер деген кім?

«Бизнесті сараптау (бастапқы деңгей)» 

Курс бизнесті сараптау негіздерін, нотацияларды, бизнес-процестерді модельдеу құралдарын және тағы басқаларын қамтиды.

Марина Елисеева, 30 жаста, Алматы 

Марина – білімі бойынша экономист. 

«Курс тақырыбы маған қызық және инвестициялау бойынша қазіргі жұмысыма пайдалы болып көрінді. Онлайн-платформа ыңғайлы және қарапайым. Алған білім менің кәсіби багажымды толықтырды әрі кеңейтті».

2 айда IT саласында бизнес-сарапшы болу үшін не істеу керек?

«Қазақ тілі» 

Курс сертификатталған авторлық әдістемеге негізделген, ауызша сөйлеуді еркін қабылдауға, сонымен қатар оқу және жазу дағдыларын меңгеруге көмектеседі. 

Наталья Азаренко, 40 жаста, Шахтинск 

Наталья — мамандығы бойынша копирайтер. Курс басталғанға дейін қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгерген. Тіл үйрену кітаптары мен оқу құралдарыоған қиын болып көрінген. 

«Алғашында 2-сыныпта оқитын балам қазақ тілінен үй тапсырмасын орындауға көмекке мұқтаж болғандықтан курсқа барамын деп шештім. Оқу кезінде өзім үшін тіл үйренуді ұнататынмын. Курс жақсы жобаланған және бірнеше күнде аяқталады. Оқу материалдарын жүктеп алып, мерзімді түрде қайталап отырамын».

«SMM-қысқа да нұсқа» (бастапқы деңгей)

Курс SMM қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді және нақты өмірлік мысалдар бәсекелестерді зерттеуді, қызық оқиғаларды және контент жоспарын құруды үйренуге көмектеседі. 

Айкүміс Сәбитбекова 15 жаста, Рудный

Айкүміс — мектеп оқушысы, жасөспірімдердің өзін-өзі дамытуы, мотивация туралы жазады. 

«Оқу басталғанға дейін Instagram жүргізуге тырыстым, бірақ білімім жеткіліксіз болды. Қазір курста алған білімімді қолдана бастадым. Аккаунтымды бақылайтын достарым бұл өзгерісті байқап, посттарым қызықтырақ, рилстарым ерекше екенін айтып жатыр». 

Платформада «Excel: кестелер сиқыры» курсы да бар. Жақын арада 5q.kz сайтындағы курстар саны көбейіп, жаңа бағыттар қосылады.

Мы создаём цифровые продукты для улучшения качества жизни людей
DAR Global Pte | 2024 | Все права защищены