Выберите язык:
Мы в соцсетях:
brand
Войти

DAR білім беру курстарына 1000 грант бөледі

Платформаның бета-нұсқасында әзірге мына курстар қарастырылған: Java тілінде бэкенд-программалау, NodeJS (QA) жүйесінде уеб-қосымшаларды тестілеуді автоматтандыру, бизнесті сараптау, қазақ тілінде SMM және Excel курстарына кіріспе және қазақ тілі. Сонымен қатар платформадағы курстардың ауқымы үнемі толығып отырады.

«2016 жылдан бастап DAR компаниясы IT мамандықтары бойынша тағылымдамалық бағдарламаларды ұйымдастырып келеді. Бұл біздің компанияның және оның негізін қалаушы Алидар Өтемұратовтың құндылықтарының бір бөлігі – нарықта тәжірибемізді бөлісу. Осы орайда біз бар күш-жігерімізді жетекші қызметкерлеріміздің білімі мен тәжірибесіне негізделген білім беру кеңістігін құруға бағыттаймыз. Бұл тағылымдамадан өту процесін кеңейтіп, көпшілікке арналған цифрлық дағдыны және IT машықтарын меңгеруге  мүмкіндік беретін білім алу платформасын нарыққа шығарып отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз осы платформаны, оқу процестерін жақсартуға үлес қосып, бізбен бірге табысқа жете аласыз», — дейді DAR компаниясының басқарушы серіктесі Болат Садықұлов.

Курсқа қабылдану үшін үміткерлер 5q.kz сайтында 7-20 маусым аралығында өтініш қалдыруы қажет. Үміткер 15 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс.

Курстардың сипаттамасы

Backend программалау: Java

Курс жүйелердің ішкі мазмұны мен логикасын дамытатын бағдарламалаушыларды дайындауға бағытталған. Бұл мамандар әрқашан үлкен  сұранысқа ие, өйткені олар ең көп таралған бағдарламалау тілдерінің бірі — Java арқылы күрделілігі жағынан алуан түрлі бағдарламаны жасап, жаңарта алады. Java-да жұмыс істейтін мамандардың дағдылары мен машықтары айтарлықтай кең. Мәселен, олар қолданбалардың құрылымын құруға, программалық қамтамасыз етудің серверлік бөлігін құруға және көзге көрінбейтін уеб-программалауды өңдеуге қатысады.

React тілінде WEB программалау

React Web Development курсы заманауи технологияларды, атап айтқанда React кодтар кітапханасын пайдалану арқылы уеб-қосымшаларды жобалау және енгізуді оқытуға бағытталған.

Node JS платформасы, React, Angular, VueJS кітапханалары мен фреймуорктары — уеб үшін программалық қамтамасыздандыруды бағдарламалау нарығында үлкен сұранысқа ие технологиялардың бірі. Бұл курс React тілінде фронтенд программалау негіздерінен басталып, Typescript тілін пайдалану арқылы уеб-қосымшаларды құру тәсілдері мен әдістерін де үйретеді.https://giphy.com/embed/R03zWv5p1oNSQd91EP

NodeJS (QA) жүйесінде уеб-қосымшаларды тестілеуді автоматтандыру

Курс барысында заманауи технологияларды пайдалана отырып, автоматтандырылған тестілерді әзірлеуді үйренесіз, кәсіби машықтарыңызды арттырасыз.

Бизнесті сараптау (бастапқы деңгей)

Курс осы саланы енді меңгеруді  (junior) көздейтіндерге арналған. Бизнес сарапшы ретінде жұмыс істеуді бастау үшін келесі білім жиынтығын игерген абзал: бизнестің негізгі мақсатын, міндетін анықтай білу, бизнесті сараптау кезінде білім бағытын және нәтижелерін болжау; бизнес сарапшының кәсіби құзыреттері мен құралдарын игеру; бизнес-процестерді (BPMN), ұйымдық құрылымдар мен ақпараттық жүйелерді (UML) модельдеу құралдарын; талаптарды басқару негіздерін, техникалық құжаттаманы әзірлеу стандарттарын білу.

Қазақ тілінде Excel-ге кіріспе

Курс Excel бағдарламасынан еш хабары жоқ тыңдаушыларға бағытталған. Яғни курсты бастау үшін Excel-де жұмыс тәжірибесі болуы шарт емес. Сонымен қатар курсқа Excel-де бастапқы білімі бар пайдаланушылар да қатыса алады. Олар өз кезегінде жаңа дағдыларға үйренеді. Курс 2 бөлімнен және 13 тақырыптан құрылған. Курс апта сайын қолданбалы режимде тапсырмаларды орындаумен ерекшеленеді. 

SMM-ге кіріспе

Курс барысында сіз SMM деген не, тапсырыс беруші тарапынан келетін бриф ақпаратты не үшін және қалай қолдануды меңгересіз. Нақты кейстерге сүйене отырып, цифрлық кеңістіктегі бәсекелестерді сараптауды, көрсеткіштер мен критерийлердің маңыздылығын арттыруды үйренесіз. Мазмұны тартымды контент-жоспар құрып, оның кімге бағытталғанын түсінесіз.

Қазақ тілі курсы

Курстың негізгі мақсаты – үйренушілердің қазақ тілін дамытуына, ауызекі тілді меңгеруіне көмектесу, сауатты жазу, оқуды толық қабылдау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оларды сауатты сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету. 

DAR 2016 жылдан бері тағылымдамадан өту бағдарламасын сәтті жүзеге асырып келеді. Бағдарламаға барлығы 400-ден астам студент қатысты. Олар Backend, Frontend, DevOps, Android, FullStack, Go, Scala, Data Science, Business Analytics, Digital маркетинг бағытында білім алып, 15%-ы DAR компаниясына  қызметке тұрды.

Мы создаём цифровые продукты для улучшения качества жизни людей
DAR Global Pte | 2024 | Все права защищены