Выберите язык:
Мы в соцсетях:
brand
Войти

Қазақстандық технологиялық компания ШОБ үшін цифрлық шешімдерді қолданатын төртінші буын университетін ашты

DAR компаниясы  технологиялық мамандарға деген елдегі сұранысты қанағаттандыратын жаңа буын корпоративтік университетін ашу арқылы өз жоспарларын бөлісті.

DAR University (DAR U) білім беруге, зерттеуге және ішкі процестерді автоматтандыруға бағытталған. Университет 7 мамандыққа гибридті форматта оқуды ұсынады: Java, Web, UI/UX, бизнес-аналитика, жобалар мен өнімді басқару және цифрлық маркетинг.

«Біз жобаларымызды біріктіру арқылы экожүйе құрып жатырмыз. 2016 жылдан бері жұмыс істеп жатқан жобалар туралы айтуға және тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз. Өнімдерді өзіміздің қазақстандық IT мамандары жергілікті кәсіпорындар үшін әзірледі. Сондай-ақ, жобалармен қатар құндылықтарымызды дәріптейтін ішкі мәдениетті де құрып келеміз. Басты құндылықтарымыз — адамдар және қоғамды дамыту», — дейді DAR компаниясының негізін қалаушы Әлидар Өтемұратов.

2016 жылдан бері  университет 500-ден астам маман дайындап шықты. Студенттердің дені компания өнімдерін жасаумен айналысып, жұмысқа орналасқан. 2022 жылы экспресс-курстарды 1300-ден аса адам оқыған. 

Бұдан бөлек, компания нарыққа 5Qit және 5Qbe платформаларын шығарды. 5Qit — бизнеске таптырмайтын көмекші. Кәсіп басқаруды жеңілдетеді. Интерфейсі — қазақша, орысша және ағылшынша. Әлемнің қай жерінде жүрсең де, бизнесіңді бақылап отыра аласың. 5Qbe — контент жасайтындарға білімін бөлісіп, табыс табуға мүмкіндік беретін мультимедиялық платформа. Аудиторияны кеңейтіп, қауымдастық құруға да болады. Креаторлардың дамып, көтерілуіне жол ашады. Платформа түрлі форматтарды пайдалана отырып, видео сабақтарды еш қиындықсыз жасауға мүмкіндік береді.

«Біз ШОБ секторының құндылығын арттыратын бірегей шешімдерді әзірлейміз. Ірі әрі шағын компанияларға теңдей мүмкіндік беретін қолжетімді технологиялық инновацияларды ұсынамыз. Барлық өнімді өзіміздің мамандар жасап отырғандықтан, мұнымен шынайы мақтанамыз. Аутсорсинг деген бізде жоқ », — деді ол.

«Мақсатымыз – тұтынушылардың, сондай-ақ шағын және орта бизнестің тез әрі икемді өсуін қамтамасыз ететін құралдарды жасау. Бұл білім беру саласымен селбескенде білікті және жоғары машықты мамандардың қалыптасуына, бәсекеге қабілетті жалақы моделін құрып, экономиканың өсіміне алып келеді», — деді Өтемұратов.

Сондай-ақ, компания спорттың дамуына да ат салысады. NAIZA көпшілікке етене таныс. Жақында аралас жекпе-жек медиа-өндірісі мен LIVE көрсетілім жасайтын NAIZA TV іске қосылды.  

Оның үстіне Әлидар Өтемұратов Индонезия мен кейбір Еуропа елдерінде бизнесін кеңейтуді көздеп отыр.

«Бұрын біз Индонезияда жұмыс істегенбіз. Енді қазақстандық DAR U жобасын ASEAN елдерінің нарығына шығаруға мол мүмкіндік бар. Одан бөлек, DACH аймағына (Германия, Аустрия және Швейцария), Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка нарығына шығатын ниетіміз бар. Барлық жобамыз әлем бойынша сұранысқа ие болғанын қалаймыз. Жаһандық ойыншылармен иық тіресетін қазақстандық жоба болсақ дейміз», — дейді DAR компаниясының негізін қалаушы Әлидар Өтемұратов.  

Мы создаём цифровые продукты для улучшения качества жизни людей
DAR Global Pte | 2024 | Все права защищены